Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвайлар тоқтады

2021 жылдың 15 қазан 2021 12:20

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвай рельсі бөгелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Шәкәрім даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған.

«Mercedes» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол апатынан дене жарақатын алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

«Mercedes» көлігі трамвай рельсіне шығып кеткен. Соның салдарынан Защита ауданынан Абай даңғылы бағытындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтады.


Жоғары қарай