Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 10:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс біршама азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 27 пайызға төмендеді. Нақты айтқанда, жыл басынан бері шаһар бойынша 21 қылмыс тіркелген.

Заңбұзушылықтың ең көп тараған түрі - ұрлық (9 факті) және алаяқтық (5). Сондай-ақ бозбалалар арасында бұзақылық және дене жарақатын келтіру фактілері болды.

«Қылмысқа барған 17 бала Өскеменде тұрады. Ал қалғандары облыстың басқа аудандарынан келген. Сондай-ақ олардың ішіндегі 6 жасөспірім бұған дейін де ювеналды полиция есебінде тұрған», - деді Өскемен қалалық ПБ бастығының орынбасары Орал Рыспаев.


Жоғары қарай