Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде түтін тұмшалаған көпқабатты үйден 3 адам құтқарылды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 22:20

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында түтін тұмшалаған көпқабатты үйден 3 адам құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін көпқабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатында орналасқан есептегіштің қысқа тұйықталуы салдарынан подъез ішін көк түтін тұмшалаған. Сол жерге жедел келген құтқарушылар бірінші кезекте 9 тұрғын мен 1 баланы эвакуациялады.

«Оттегі маскаларының көмегімен үш адам құтқарылып, қауіпті аймақтан шығарылды. Оның ішінде бір бала бар. Түтін 7-мен 9-қабат аралығына тарады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1986 жылы туған азаматтардың бірі кеудесін күйдіріп алған. Белгілі болғандай, пәтерде электр қуаты сөніп қалған кезде ол автоматтан қоспақ болған. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен тұрғынды ауруханаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 29 адам мен 9 техника жұмылдырылған.


Жоғары қарай