Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде полицейлер ауыр халдегі жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

2021 жылдың 30 қазан 2021 17:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері ауыр халдегі жүкті әйелге ауруханаға жетуге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция батальонының инспекторлары Қайрат Елубаев пен Айдын Орынғазы қызмет бабымен жүргенде олардың жанына тоқтаған көлік жүргізушісі көмек сұраған.

«Ер адам жүкті әйелінен қан кетіп жатқанын, оны ауруханаға жылдам жеткізе алмай қалам ба деп қорқатынын айтты. Еш ойланбастан біз арнайы жарық шамдарын жағып, жылдамдықты арттырып, ауруханаға бағыт алдық. Азамат әйелімен бірге соңымыздан ілесіп жүрді», - дейді Айдын Орынғазы.

Соңынан белгілі болғандай, жүктіліктің алтыншы айында болған әйел егіз сәбилерді күтіп жүрген.

Сондықтан оның жағдайы өте қауіпті болды.

Дегенмен полицейлердің жеделдігі мен дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында болашақ ананы ғана емес, оның екі баласын да құтқаруға мүмкіндік туды.

Өз кезегінде ерлі-зайыптылар полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді.


Жоғары қарай