Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде монша кешені өртенді

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 14:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында монша кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау 19 қыркүйекте түнгі уақытта Өтепов көшесінде шыққан.




«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. От екі қабатты монша кешенінің бірінші қабатындағы бу бөлмесінің ағаш құрылымдарын шарпыған. Қызыл жалынның жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 13 адам мен 3 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тілсіз жаудың шығуына – пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында найзағайдан орманда өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай