Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде мас жүргізушінің екі жылға бас бостандығынан шектелді

2021 жылдың 24 ақпан 2021 05:37

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп көлік тізгіндеген ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік айдау құқығынан айырылған. Алайда соған қарамастан ол бірнеше ай өткен соң мас күйде рульге отырған.

«Қайтадан заңбұзушылық жасаған сотталушы екі жылға бас бостандығын шектелді. Қазір азамат пробация қызметінде тіркеуде тұр. Инспекторлар онымен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп отырады. Егер ол тағы да заңды аттаса түрмеге қамалуы мүмкін», - деді Шемониха аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Гүлмира Бөлекбаева.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстанда 3 күн ішінде жол ережесін бұзуға қатысты 4 мыңнан астам факті тіркелген болатын.


Жоғары қарай