Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жігіт дүкенге соғылды

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 13:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны жүргізуші куәлігі болмаса да мас күйде көлік тізгіндеп, дүкенге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте түнгі сағат 01.00 шамасында болған.

ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы жігіт жол апатына ұшырады.

Рульді басқара алмай қалған ол дүкеннің алдына соғылған. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, ер адам жеңіл дәрежеде мас болған.

Сондай-ақ қала тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында көлік аударылып, 3 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай