Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде коронавирусқа қарсы вакцина салатын жаңа пункттер ашылды

2021 жылдың 18 маусым 2021 01:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алуға болатын жаңа пункттер ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, шаһар бойынша бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцина алуға болатын 25 пункт жұмыс істеп тұр. Вакцинация пункттері кәсіпорындар мен сауда орталықтарында да ашылған. Тұрғындар аталған пункттерге барып еш ақысыз жұқпалы дертке қарсы екпе ала алады.

«Жаңа вакцинация пункттері «АДК», «Император», «Евразия» сауда ойын-сауық орталықтарында және №15 орта мектеп ғимаратында ашылды. Сондай-ақ қала жұртшылығына екпе алу үшін vaccine-uk.kz сайты арқылы алдын ала жазылуға мүмкіндік бар», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын вакцина алуға шақырған болатын.


Жоғары қарай