Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Өскеменде қоғамдық көліктер 80 пайызға қысқармақ

2020 жылдың 4 сәуір 2020 07:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автобустар мен трамвайлардың қозғалысы қысқартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Жеке көлік қозғалысына демалыс және мереке күндері тыйым салынған. Тек арнайы көлік құралдары тиісті рұқсаттамаға сәйкес кедергісіз жүре алады», - дейді ол.

Шаһар басшысының сөзіне сенсек, автобустар мен трамвайлардың саны 80%-ға дейін қысқартылады. Яғни, қоғамдық көлікті күту уақыты ұзарады.

«COVID-19 вирусының қаламызда анықталғанын ескере отырып, өз денсаулықтарыңыз үшін осы қағидаларды қатаң сақтауды және полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймын», - дейді Жақсылық Омар.


Жоғары қарай