Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде халықаралық стандарттарға сай велотрек ашылды

2021 жылдың 10 қазан 2021 22:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында халықаралық стандарттарға сай велотрек ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BMX – велосипед спортының кең таралған түрі және ол 2008 жылдан бері олимпиадалық ойын түрлерінің қатарында.

Өскеменде салынған велотрек жастарды осы спорт түріне баулуға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, велотрек құрылысы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген.

«Велотрек алғашқы маңызды сынақтан өткізілді. Мұнда ВМХ бойынша ашық облыс чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа Өскемен, Алматы, Талдықорған қалаларынан әр түрлі жас санатындағы спортшылар қатысты. Спортшылар мен жаттықтырушылар жаңа алаңның сапасымен қатар турнирдің ұйымдастырылуына қатысты да өз пікірлерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті», - деп жазды қала басшысы Facebook желісіндегі жеке парақшасында.




Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде халықаралық стандарттарға сай велотрек салынып жатқанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай