Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде демалыс күндері өрттен 2 адам қайтыс болды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 19:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өткен демалыс күндері өрттен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 тамызда сағат 19.41-де жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен құтқарушылар үй ішінде ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адамды тапты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Екінші оқиға 15 тамыз күні таңғы сағат 05.00-де М.Тынышпаев көшесінде болған. Жер үйдің 156 шаршы метр аумағын жалын шарпыған.

«Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау барысында 60 жастағы үй иесінің денесін тапты. Екі оқиға да өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болып отыр. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 862 өрт тіркелген», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай