Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдерді 120 адам іздеді

2020 жылдың 11 наурыз 2020 22:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының полицейлері кәмелетке толмаған екі бозбаланы балалар ауылына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 наурыз күні сағат 9.00-де «102» арнасына балалар ауылындағы екі тәрбиеленушінің қашып кеткені туралы хабар түскен. Іздестіру шараларына 120 адам, оның ішінде тәртіп сақшылары, 5518 әскери бөлімінің сарбаздары және балалар ауылының қызметкерлері тартылды. Олар із-түзсіз жоғалғандардың туыстарымен байланысқа шығып, саяжайлардың аумағын тексеріп шықты», - деп хабарлады қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде, полицейлер жоғалған бозбалаларды қала шетінен тапқан. Екеуі де балалар ауылына аман-есен жеткізілді.

Жөсөспірімдердің айтуынша, олар бірге оқитын баланың Семейдегі апайының үйіне бет алған.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция оларға қатысты тиісті шараларды жүргізуде.


Жоғары қарай