Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Өскеменде автобустар әр рейс сайын дезинфекцияланып отыр

2020 жылдың 13 наурыз 2020 17:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автобустар әр рейс сайын тазартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы бүгін қалалық әкімдікте өткен жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Тұраров мәлім етті.

«Күн сайын шаһар бойынша 287 автобус, 85 шағын автобус және 20 трамвай қатынайды. Коронавирустың таралуына жол бермес үшін әр рейстен кейін салондар дезинфекцияланып жатыр. Сондай-ақ осы мақсаттағы қажетті шараларды енгізу үшін маршруттар кестесі қайта қаралмақ», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдарының жабылғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай