Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде апта сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілуде

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 20:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаштың айтуынша, Өскемендегі сауда үйлерінде, дүкендерде, тұрақтандыру қорының павильондарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермес үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

«Кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңсесі мен Nur Otan партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аптасына бірнеше рет рейдке шығады. Соның аясында 19 түрлі тауардың бағасы тексеріліп, кәсіпкерлерге жіті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қаңтар айының басынан бері осындай 10 рейд ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде, азық-түліктің 3 түрінің бағасы өскені анықталды. Нақты айтқанда, қант, тұз бен қырыққабат орта есеппен 1,5 пайызға қымбаттаған. Ал жұмыртқаның сәл арзандағаны байқалды», - деді Александр Светаш.

Оның айтуынша, заң бойынша кәсіпкерлер әлеуметтік маңызды азық-түліктің құнын өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан асырмауы тиіс.

«Өскеменде тұрақтандыру қорының өнімдері саудаланатын «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның 20 сауда павильоны бар. Онда сәбіз, қырыққабат, сарымсақ келісі 82 теңгеден сатылады. Әлеуметтік маңызы бар басқа тауарлардың бағасы да арзан. Алдағы уақытта осындай павильондардың санын арттыру көзделуде», - деді қалалық мәслихат хатшысы.


Жоғары қарай