Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде анасына ренжіген 14 жасар қыз үйінен қашып кеткен

2021 жылдың 30 қазан 2021 10:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында жоғалған 14 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, кеше таңертең 14 жасар қыз үйінен кетіп қалған. Жасөспірімнің анасы бірден полицияға жүгінді.

Оның айтуынша, қызы бұған дейін ешқашан үйден қашпаған.

«Қалалық полиция басқармасының жеке құрамы шұғыл қызды іздеуге жұмылдырылды», - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Орал Рыспаев.

Қыздың анасымен әңгімеде белгілі болғандай, қызы 8-сыныпта оқиды. Таяуда екеуі ұрсып қалған.

Анасы сабаққа қатыспағаны үшін қызына жекіген. Жанжалдан кейін жасөспірім үйден кетіп қалған.

«Полицейлер жүйелі жұмыс жүргізді. Бүкіл аулаларды аралап, қыздың таныстарына, туыстары мен достарына жолығып сұрастырды. Қыз әуелі достарының үйінде болған, содан кейін «үйге қайтам» деп шығып кеткен, алайда шын мәнінде үйге емес, саябаққа кеткен. Оқушыны Үлбі полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Еркебұлан Мағзұмов тапты. Ол қызбен әңгімелесті. Қазір қыздың жағдайы бірқалыпты, бәрі дұрыс», - дейді Орал Рыспаев.

Жоғалған қыздың 33 жастағы анасы полицейлерге алғыс айтты. Полицейлер қыздың ата-анасымен де сөйлесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.


Жоғары қарай