Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Өскеменде «Адамзаттың Абайы» атты мерейтойлық шара өтті

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 13:36

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Абайдың 175 жылдығының салтанатты ашылуы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерейтойлық шараға облыстық мәслихат депутаты Әнуарбек Мұхтарханов, Ресейдің Өскемен қаласындағы бас консулы Михаил Королев, белгілі жазушы, абайтанушы Қалибек Алтыбаев, Қазақстандағы тұңғыш «Әкелер мектебінің» негізін қалаған Ертісбек Сәдуақасов қатысты.

«Биылғы жылы мәдени шараларға жоспарланған қаржының едәуір үлесі ұлы ақынның 175 жылдығын атап өтуге жұмсалады. Абайдың атақонысы Жидебай абаттандырылып, бірқатар аудандарда ескерткіштер орнату жоспарланып отыр. Хәкімнің мерейтойы тек республика көлемінде емес, халықаралық деңгейде атап өтіледі», – дейді Әнуарбек Мұхтарханов.





Ашылу салтанатынан соң «Мен бір жұмбақ адаммын» сөзжұмбақ сайысы өткізілді. Қатысушылар «Абай жүрегімде» атты ашық микрофонда ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Сондай-ақ облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Лингвистикалық орталығының мамандары дайындаған Абай шығармашылығы бойынша латын әліпбиінде диктант жазды.

«Абай атамыз әр шығармасында адамгершіліктің шыңы - мораль екенін жан-жақты жеткізді. Оның 45 қара сөзіне жекелей үңілсек, әр айтқанынан өскелең ұрпағына бағыт-бағдар беруге тырысқанын аңғару қиынға соқпайды. Жастар тарапы жуырда Семейде бой көтерген «Абай Аренада» жаттығуларын жасап, байрақты бәсекелерде ел мерейін асырса, атаулы датаны лайықты атап өтуге сүбелі үлес қосқаны деп білемін» дейді ШҚМУ «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті Әділхан Есімханов.








Жоғары қарай