Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды

2020 жылдың 11 наурыз 2020 21:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО Өнер музейінде ұлы ақынның 175 жылдығы аясында «Көзімнің қарасы» атты суретшілер көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге Нұр-Сұлтан, Балқаш, Алматы, Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай аудандары суретшілерінің 49 туындысы қойылған. Шараның ұйымдастырылуына «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігі мұрындық болып отыр.




«Бірлестігіміз 2019 жылдың желтоқсан айында жұмысын бастаған. Суретшілер көрмеге қойылған туындыларын 2 ай бойы салды. Осы арқылы жастарға хакімнің шығармашылығын насихаттап, Абай туған өңірдің қасиетін, көркем табиғатының құпиясын ашқымыз келді», - дейді бірлестік жетекшісі, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Құдаш Нұрсадықов.

Айта кетейік, көрме сәуір айының ортасына дейін жалғасады.





Жоғары қарай