Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Өскеменде 79 жастағы кейуананы алдап ақшасын алып кеткен адам ұсталды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 22:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында зейнеткерді алдап соққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

51 жастағы қала тұрғыны Менделеев көшесінде орналасқан банкоматтың жанында тұрған қарт кісіні көріп қалған. Ақша шешіп алуға көмектесетіндігін айтқан ол зейнеткерді алдап жіберіп, оның банк картасын алып қалады да кейіннен 70 мың теңгесін иемденіп кеткен.

«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні қолға түсірді. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай