Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде 70 жыл бұрын салынған жатақхана қирады

2021 жылдың 14 маусым 2021 19:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында екіқабатты жатақхана қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 тұрғынды эвакуациялады. 10 азамат сол жерден өз бетімен шығып үлгерген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақапатты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен 8 шаршы метрді құраған.

Алдын ала мәлімет бойынша, үйде 50 адам тұрады.

Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады.

Сол жерде комиссия мүшелері жұмыс істеуде.














Жоғары қарай