Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемен: Рұқсат етілмеген жерден өтпек болған адамды көлік қақты

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 22:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған азаматты көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Шаяхметов көшесінде болған.

«Audi» маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан жүргізуші 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Белгілі болғандай, жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Осының салдарынан өзі жарақат алып, көлік иесіне материалдық залал келтірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша жаяу жүргіншіге ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына (жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін, материалдық залал келтіргені үшін) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай