Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемен тұрғынын алдап соққан алматылық алаяқ ұсталды

2021 жылдың 10 сәуір 2021 06:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғынын алдап, 300 мың теңгеге жуық пайда көрген алматылық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Солжағалау полиция бөліміне 34 жастағы тұрғын жүгінген.

Өз сөзінде ол белгісіз әйелдің Алматыдан ойыншықтардың бір қорабын жіберетіндігіне сендіріп, 282 500 теңге сұрағанын айтты.

Ойына еш секем келмеген азамат төлем терминалы арқылы абоненттік нөмірге ақшаны аудара салған. Осыдан кейін жымысқы ойын жүзеге асырған алаяқ хабар-ошарсыз кетті.

«Криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынын қолға түсіріп, бөлімшеге жеткізді. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындаған. Материалдық шығын жәбірленушіге толықтай қайтарылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Жоғары қарай