Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемен тұрғыны өртенген үйден екі адамды алып шықты

2020 жылдың 20 қазан 2020 16:32

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны жалын шарпыған жер үйден екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қазан күні шаһардағы саяжай қоғамдастығының бірінде жеке тұрғын үйде өрт шықты. Мұны байқап қалған көршісі күйеуіне айтқан. Игорь Медведев лезде үйге кіріп, 54 жастағы әйел мен 66 жастағы ер адамды иіс тию белгілерімен сыртқа алып шықты.

Осы уақытта оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Екеуі де ауруханаға жатқызылған.

«Өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды ауыздықтады. Алдына ала мәлімет бойынша, жалынның шығу себебі – пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.



Жоғары қарай