Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Өскемен-Шемонаиха» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

2021 жылдың 18 қазан 2021 10:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні кешкі уақытта болған.

«Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 52 шақырымында «ВАЗ 2109» автокөлігі мен «МАЗ» маркалы жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ 2109» көлігінің 65 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Жоғары қарай