Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Өскемен-Семей» тасжолында автокөлік өртеніп кетті

2022 жылдың 10 ақпан 2022 00:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Өскемен-Семей» автожолында «Скания» маркалы автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

«09 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Ұлан ауданындағы Таврия ауылынан 20 шақырым жердегі «Өскемен-Семей» автожолында «Скания» маркалы автокөлік өртенген. 38-ӨСБ құтқарушылары келген сәтте ацетилен баллондарын тасымалдайтын автокөлік жалынға оранған болатын. Қауіпсіздік мақсатында Жол полициясы қызметкерлері автожолдағы қозғалысты уақытша тоқтатты. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық - құтқару пунктінен дәрігерлері барды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ. Көлік жүргізушісі де аман» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, баллондардың жарылуына байланысты өртті дереу сөндіру мүмкін болмады. ТЖД өрт сөндірушілері алдымен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып қашықтықта болды.

Жарылыстар тоқтаған соң өрт сөндірушілер баллонды суыту мен өртті сөндіру үшін су құйды. Өрт 22 сағат 35 минутта ауыздықталды.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 6 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды.


Жоғары қарай