Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өртенген пәтерде қалған баланы құтқарған семейлік марапатталды

2021 жылдың 28 қазан 2021 11:52

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өртенген пәтерде қалып қойған 5 жасар баланы құтқарған ер адам марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Святослав Бикетов өртеніп жатқан көрші пәтерден 5 жасар баланы құтқарып қалғаны үшін марапатталды.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен бейбіт күннің батырына Алғыс хат табысталды. Семей қалалық ТЖБ бастығы Талғат Дүйсебаев оған жылы лебізін білдіріп, батылдығы үшін алғыс айтты», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға 16 қыркүйекте 408 квартал көшесінде болған. Сол жерге өрт сөндірушілер келіп жеткенше көрші Святослав Бикетов есікті ашып, баланы сыртқа алып шықты. Содан кейін ол жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған қызыл жалынды өз бетімен ауыздықтаған.


Жоғары қарай