Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ортақ платформа арқылы ауыл шаруашылығы мен ірі сауда желілері байланыс орнатты - Әсел Жанасова

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің ірі қалаларында электронды форматта сауда жасау дамыған. Бұл туралы AntikorLive бағдарламасында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлеуметтік төлемдерді жасау әр азамат үшін ыңғайлы болғанына мүдделіміз. Бұл жерде интернет маңызды рөл атқарады. Біздің мақсат - отандық тауар өндірушілерге көмекті күшейту. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірыңғай жүйеде жұмыс істейміз. Біз ортақ платформа арқылы ауыл шаруашылығымен айналысатындарды ірі сауда желілерімен байланыстырдық. Олар ұзақ мерзімді келісімшартқа отырады. Арада делдал болмаған соң өнім бағасы да арзан болады және бәрі ашық түрде жүзеге асады», - дейді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова.

Оның айтуынша, ірі қалаларда электронды форматта сауда жасау дамыған.

«Осындай құралдар бар екенін білмейтін шағын бизнес өкілдері де бар. Цифрлық маркетингпен айналысып, өнімін онлайн түрде жарнамалап, тұтынушы жинау үшін де ақша керек. Шағын бизнесте қомақты қаржы жоқ, сол себепті олар мұндай жобаларға инвестиция құймай, Instagram желісіне кетеді. Бұл - көлеңкелі экономика. Бұл - кәсіби қадам емес. Біздің міндет - сондай кәсіпкерлерге өнімін электронды түрде жарнамалауды, төлем жасауды, жеткізу жолдарын үйрету», - дейді Әсел Жанасова.


Жоғары қарай