Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Орел и решка» бағдарламасында Алматы облысы көрсетіледі

2020 жылдың 14 қазан 2020 10:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Орел и решка» саяхат туралы танымал телебағдарламада Алматы облысы туралы сюжет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жаңалықты Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының төрағасы Ержан Еркінбаев айтты.

Шығарылымның анонсы әлеуметтік желіде таралды. Алайда қашан эфирге шығары белгісіз.

«Барлық келісімге қол жеткіздік. Рұқсат алдық. «Орел и решка« түсірілім тобы тағы Қазақстанға келді. Бұл жолы камера обьективтерінде Алматы облысы болмақ. Олар ары қарай қайда барады, тауып көріңіздер?», – деп жазды Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында.

Айта кету керек, «Орел и Решка» бағдарламасы соңғы рет Нұр-Сұлтан қаласында болған. Ол кездегі эфир жүргізушілері Анастасия Ивлеева мен Антон Птушкин еді.

2013 жылы түсірілім тобы Алматы қаласында болған. Ол кезде Анастасия Короткая мен Андрей Бедняков жүргізген.

«Орел и решка» — Украина телеарнасының саяхат туралы танымдық бағдарламасы.











Жоғары қарай