Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ордабасы ауданында игерілмеген 2300 гектар жер мемлекетке қайтарылды

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 22:56

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы игерілмеген 2300,2 гектар жер мемлекеттің қорына қайтарылды. Бұл шаралар екі жыл ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде іске асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырды.

Осы тапсырмаға сәйкес, Төрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне арналған жер учаскелеріне мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып, рәсімделді.

Бұл жұмыстар «КазАвтоЖол» АҚ Түркістан облыстық филиалы тарапынан атқарылған.

Сондай-ақ, автомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілген.

Бүгінде жалпы көлемі 131,4 гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені белгілі болды.

Жер пайдаланушыларына тиісті нұсқама таратылып, жер учаскесін 2 жыл қатарынан игермеген жағдайда сот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.


Жоғары қарай