Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралдық еріктілер елорда күніне орай маскалар мен тәттілер таратты

2020 жылдың 6 шілде 2020 15:17

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдық еріктілер елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына медициналық маскалар мен тәттілер таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал жастары», «Жас Отан» ЖҚ, «Ақжайық жастары», «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасағының» еріктілері бұл шараны карантин талаптарын сақтай отырып, атқарды.

«Бала-шағамызбен ата-анамыздың үйіне бара жатқанбыз. Аялдамада тұрсақ, жастар келіп, маскалар мен шоколад ұсынып, елорда күнімен құттықтап жатыр. Ұйымдастырушыларға рахмет, тосын сый болды, әсіресе, кішкентайлар қуанып қалды. Еліміз індеттен тезірек құтылып, мерекелерді барша халық болып тойлауды жазсын!», - деді қала тұрғыны Жансая Аяпбергенова.

«Елорда мерекесіне орай осындай тосын сый жасауды Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне ұсынған болатынбыз. Әкімдік қолдап, шарамызды таңғы сағат 09.00-де бастадық. Қаланың барлық аялдамаларын қамтуға тырысып жатырмыз. Мерекелік құттықтауларды кешкі сағат 19.00-де тағы жалғастыратын боламыз», - деді «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Дулат Жүсіпқалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда оралдық еріктілердің ардагерлерді елорда күнімен құттықтағанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай