Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралдағы үш дәріхана дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан

2020 жылдың 11 шілде 2020 12:04

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы үш дәріханада дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағамен сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрілік заттарға бағаны қымбаттатудың 3 фактісін анықтады.

Орал қаласында үш дәріханада «Ингавирин 90», «Ингавирин 60», «Арбидол» дәрілік заттарын шекті құнынан асыра көтеріңкі бағада сатқан.

Дәрілік препараттарды сату кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығының нормалары бұзылған.

Қазіргі таңда материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.


Жоғары қарай