Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 03:24

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 24 қаңтар күні Ескі әуежай ауданында болды.

Жеті жасар бала шамамен сағат 14.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Үлкен ұлы кішкентайынан өзі дербес жүріп үйренгендіктен, анасы басында мазаланбаған. Тек кеш түсіп, баласы келмегеннен кейін сағат 19.23-те полицияға шағымданған. Өзінің іздеуге мүмкіндігі болмаған. Өйткені ері ұзақ уақыт бойы вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен, 32 жастағы әйел үш баласына көбіне өзі бас-көз болып келеді.

Полицияға шағым түскен бойда ювенальды полиция бөлімшесінің жеке құрамы аяғынан тік тұрды. БҚО полиция департаментінің барлық бөлімшелеріне, еріктілерге бағыт берілді.

Іздестіру шаралары барысында ювенальды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Самат Спашев бір сағаттай уақыт өткен соң жоғалған баланың қайда жүргенін анықтады.

Мәселенің мәнісі былай болып шықты. Аталған отбасы Ескі әуежай ауданында жеке үй жалдағанына көп болмаған. Сондықтан көршілерімен танысып үлгермеген. Ал ұлдары олардың балаларымен араласып жүргендіктен, сол себепті ата-аналары жоқ кезде үйлеріне шақырған. Бала көршілердің үйінде күні бойы ойнаған.

Полиция қызметкері табылған баланы анасының қолына тапсырды.



Жоғары қарай