Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда жаңа үйленген 20 жастағы жігіт шатырдан секірмек болды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 10:49

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жаңа үйленген жас жігіт бесінші қабаттан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 қаңтар күні болды.

Сағат 04.27-де Просторная көшесінде бес қабатты үйдің шатырына шығып алған ер адамның секіруі мүмкін екені туралы «102»-ге хабарланған.

Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жеткен.

Олар көпқабатты үйдің шатырынан барғанда жігіт «Анамды шақырыңыздаршы, мен оны жақсы көремін, қоштасқым келеді» деп айғайлаған көрінеді.

«Мен құтқарушыларды шақырдым. Сосын шапшаң әркет ететін арнайы жасақ қызметкерімен бірге төбеге көтерілдім. Мұндай оқиғамен бетпе-бет келуім бірінші рет емес. Сондықтан бірден оны сөзге тарттым. 18 қаңтар күні оның үйлену тойы өткенін, іле-шала әйелімен ұрсысып қалып, осындай тосын қадамға бармақ болғанын білдім. Кейін, шатырдың шетінде тұрған ол, мені сыйлайтынын айтып, қолын берді. Сол бойда қолынан тарттым, арнайы жасақ қызметкері де маған көмектесті», - деді М.Әбілқайыров.

Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де келді.

Төменге түскен 20 жастағы жігіт жарымен сөзге келгеннен кейін өзіне-өзі қол салуға бел буғанын айтып берді. Ол өзін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.


Жоғары қарай