Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда Ұлттық ұланның 25 жылдығы мерекеленді

2017 жылдың 10 қаңтар 2017 20:31

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ҚР Ұлттық ұланының 25 жылдығына орай салтанатты шара өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.




null
Қазақстанда кейін Ұлттық ұлан болып аталған ішкі әскерлер 1992 жылы 10 қаңтарда құрылғаны белгілі. Оның басты міндеті мемлекет пен қоғамның, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда да Ұлттық ұлан жауынгерлері мемлекеттік маңызы зор нысандарды, түзету мекемелерін кірпік қақпай күзетіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, кез келген құқықбұзушылықтың жолын кесуге дайын тұрады. Міне, осы жөнінде ой тарқатқан «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов Ұлттық ұланның құрылу тарихы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, әскери қызметкерлердің басты борышы Елбасы мен халықтың сенімін ақтап, өз Отанының патриоты ретінде ел мүддесін қорғауға әркез дайын болу екендігін атап көрсетті.




null

Ұлттық ұлан жауынгерлерін мерекемен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов құттықтап, ел тыныштығын қорғауда алдағы уақытта да қалтқысыз қызмет ете берулеріне тілектестігін білдірді. Соңғы кезде Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімдерде де заман талабына сәйкес өзгеріс-жаңалықтар енгізілуде. Құрылымы жетілдіріліп, қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде, жаңа сандық байланыс технологиялары орнатылып, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер жаңғыртылуда. Осыған орай Ұлттық ұлан қатарында қызмет еткісі келетін жастар қатары көбеюде. Ендігі міндет - жиырма бес жыл ішінде қалыптасқан дәстүрді сақтай отырып, оны одан әрі байыта, жетілдіре түсу.

Жиын барысында ҚР Ішкі істер министрі, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысы және «Батыс» өңірлік қолбасшысының мінсіз қызметімен көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрықтары оқылып, алғысхат, бағалы сыйлықтар мен төсбелгілер табыс етілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының басшылары, сардарлар, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер және ардагерлерге «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына 25 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.

Салтанатты шара 5517-әскери бөлімнің оркестрі қойған гала-концертке ұласты.

Айта кетейік, осындай жиындар «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде өткізілді.




Жоғары қарай