Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 20:34

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері өзімен бірге тапанша және оқ-дәрі алып жүрген 16 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның «Батыс» бөлімшесіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 желтоқсан кешкі сағат 18:45 шамасында орын алған. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аумақты патрульдеп жүрген жасақ басшысы, қатардағы Ерсаған Болатов, қатардағы жауынгерлер Нұрбақыт Қойшиев пен Еркебұлан Ермеков «Қыз мұнарасы» дәмханасының жанында күдік туғызған бозбаланы тоқтатып, құжаттарын сұраған.

Жасөспірімді куәгерлердің көзінше тінтіген кезде травматикалық тапанша мен оқ-дәрі табылды. Бұл қару-жарақтың жас балаға не үшін керек болғанын тергеу анықтайды.

Бұдан кейін бозбала полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Айта кетейік, 16 жасар қала тұрғынынан қару ұстауға рұқсат беретін ешқандай құжат табылған жоқ. Алынған тапанша сраптамаға жіберілді. Қарудың иесі анықталып жатыр. Ал әскери қызмет кезінде ерекше қырағылық танытқан жауынгерлер ынталандырылды.

Жоғары қарай