Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері суық қарумен жүрген екі адамды ұстады

2019 жылдың 3 наурыз 2019 05:15

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері суық қарумен жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 наурыз күні кешке болған.

Құрамында топ басшысы, кіші сержант Еламан Аманғұлов, қатардағы жауынгерлер Ұлықбек Оқтанов, Евгений Соколов бар тәртіп сақшылары сағат 21.45 шамасында бұларды көрген бойда кетіп қалмақшы болған күдіктіні тоқтатты. Ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, өзін дөрекі ұстап, қолын қалтасынан шығармады.

Куәлердің қатысуымен тінтіген кезде 40 жасар азаматтың күртесінің қалтасынан жиналмалы пышақ табылды.

Сол секілді қатардағы жауынгерлер Иван Денисов (басшысы), Данил Челнаков, Айбек Абдулаев және кинолог-маман Салауат Янсуфин иісшіл ит «Кармэн» көмегімен тағы бір күдіктіні қолға түсірді. Оның сөмкесінен пышақ шықты.

Бұлардың екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.

Қырағылық танытқан жауынгерлерді әскери бөлім командирі ынталандырады.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын Ұлттық ұлан жауынгерлерінің екі әйелге шабуыл жасаған ер адамды ұстағанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай