Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда «УАЗ» автокөлігі өртеніп кетті

2020 жылдың 19 наурыз 2020 20:42

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «УАЗ» автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 19 наурыз күні сағат 16.01-де «Променад» сауда үйі маңында орын алды.

«УАЗ» автокөлігінің мотор бөлігі мен салоны отқа оранды.

Өрт сөндірушілердің (7 адам, 2 техника) күшімен 16.11-де сөндірілді.

Сондай-ақ 18 наурыз күні сағат 21.14-те Н.Назарбаев даңғылы 240/1-үй ауданында шаруашылық құрылысы отқа оранды.


Өрттің аумағы 75 шаршы метрді қамтыды.

Жалын сондай-ақ жақын тұрған темір гараждағы Mitsubishi Lancer автокөлігін шарпыды.

Үлкен өртті сөндіруге 20 адам, 6 техника жұмылдырылды.

«Тілсіз жау» сағат 22.47-де ауыздықталды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, биыл жыл басынан бері өңірде барлығы 84 өрт болса, соның 57-сі тұрғын үй секторы үлесіне тиеді. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда электр бағанының басына шығып, секірмек болған 17 жастағы қыздың құтқарылғанын жазған болатынбыз.





Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920