Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оралда тұңғыш рет әуесқой хоккейшілер арасында чемпионат өтті

2022 жылдың 2 мамыр 2022 16:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдағы мұз айдыны спорт сарайында шайбалы хоккейден ардагерлер мен әуесқой командалар арасында өткен «Жеңіс кубогы» жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир Жеңіс мерекесіне орай 2014 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. БҚО шайбалы хоккей федерациясының президенті Аркадий Рубцовтың айтуынша, биыл әуесқой хоккейшілер арасында чемпионат алғаш рет республика деңгейінде ұйымдастырылды.







Додаға барлығы алты команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Финалда «Орал-1» командасы Қостанайдан келген «Қайратты» 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Атыраулық «Мұнайшы» клубы жерлестері «Прикаспиец» командасын 1:0 есебімен ұтып, үшінші орынға көтерілді.

Чемпионат қорытындысында Саят Тұрысбеков («Мұнайшы) – үздік қақпашы, Марат Әбдірахманов («Орал-1») – үздік қорғаушы, Степан Лузенинов («Орал-1») – үздік шабуылшы, Сергей Лейнинг («Қайрат») – үздік мерген, Иван Лейнинг («Қайрат») - үздік пас беруші аталымы бойынша марапатталды.



«Орал қаласының әуесқойлар лигасында жасы алпыстан асқан ойыншылар да баршылық. Олар өздерінен жас хоккейшілерден қалыспай, шеберліктерін көрсетіп келеді. Ең жасы үлкені – мұз айдыны спорт сарайы командасында ойнайтын 65 жастағы Константин Захаров. Елімізде шайбалы хоккейдің кеңінен дамуына бұдан былай да атсалыса беретін боламыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Аркадий Рубцов.












Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады.
Жоғары қарай