Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда төтенше жағдай режимін бұзған кафе иесіне айыппұл салынды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 22:13

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда төтенше жағдай режимін бұзған кафе иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құқықбұзушылық 18 наурыз күні түнгі рейдтік шаралар кезінде анықталды.

Төтенше жағдай талабына сәйкес түнгі 22.00-ден кейін жұмысын тоқтатуы тиіс болса да, «Тенгри» кафесінде (иесі 1984 жылғы азамат) адамдардың көңіл көтеріп отырғаны анықталды.

Кафе иесіне қатысты Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды.

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен кафе иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бұл – төтенше жағдай режимін бұзу бойынша өңірдегі бірінші дерек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус тіркелді деген жалған ақпараттың таралғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай