Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда тағы бір провизорлық стационар ашылды

2020 жылдың 14 шілде 2020 19:11

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО көпбейінді ауруханасы базасында 150 орынға есептелген провизорлық стационар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аурухана директоры Арман Байдеуовтің айтуынша, стационар жуырда салынған №2 корпуста орналасқан.

Провизорлық стационарда қарқынды терапия палаталары, арнайы мониторлар, 21 өкпені жасанды желдету аппараты, көлемі 7 және 8 литр болатын Бобров аппараттары енгізілген 40-тан астам оттегі концентраторлары бар.

«Бұл концентраторлардың ерекшелігі, оттегіні өндіру және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылу арқылы пациентті әр түрлі пайыздық мөлшерде оттегімен қамтамасыз ете алады», дейді А.Байдеуов.

Мұнда тамақтану мен емдеу жүйесі толығымен оңтайландырылған, қажетті дәретхана бар және сумен үздіксіз қамтылған.

Науқастарға барлық жағдай жасалған жаңа корпуста алғашқы емделушілер қабылдана бастады.

«Қазіргі таңда қауіпті індетпен ел болып күресудеміз. Осы орайда ауруханаларға көмек қолын созып жатқан жандардың бәріне алғысымызды айтқымыз келеді», деді А.Байдеуов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласының емханалары қашықтан жұмыс істеуге көшкенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай