Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Оралда санитарлық көлік «Опельге» соғылды: 4 адам жарақат алды

2019 жылдың 13 қараша 2019 01:16

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда санитарлық көлік пен «Опель» соқтығысып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға 12 қараша күні кешкісін Құрманғазы мен А.Карев көшелерінің қиылысында болған. Санитарлық «УАЗ» минивэн мен «Опель» автокөліктері бір-біріне соғылып, «УАЗ» екпінімен тоқтамастан сол жердегі үйге барып тірелген.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «УАЗ» қалаға келген Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының санитарлық көлігі екен.

Қазіргі мәлімет бойынша жол апаты салдарынан төрт адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 21 жасар мейірбикенің аяғы көгерген. 42 жастағы жүргізуші жабық бас жарақатын алған. 33 жастағы тағы бір мейірбикенің мойны көгерген. 40 жастағы ер адам басынан жарақат алған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, төрт адамның зардап шеккен болатын.

Фото/mgorod.kz

Жоғары қарай