Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Оралда республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 22:31

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыр додасына еліміз өңірлерінен барлығы 20 ақын қатысып, бақ сынады.

«Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізген сайыс барысында көпшілікті риза еткен айтыскерлер болды.

Әсіресе, алматылық Рүстем Қайыртай мен біраздан бері көрінбей кеткен айтыстың ақтаңгері,түркістандық Бекарыс Шойбеков, Алматыдан келген Хазірет Бердіхан мен шымкенттік Біржан Байтуовтар тапқыр да тосын ой-толғауларымен ерекшеленіп, елдік мәселелерді қозғай білді. Қарағандылық Төлеген Жаманов пен павлодарлық Рауан Қайдаров та жақсы айтысты.

Айтысқа үзіліс салып оралған астаналық Жандарбек Бұлғақов пен көкшетаулық Әлібек Серғалиев те көрерменді мезі қылған жоқ. Астаналық Сұлужан Таубалды «бетінен сүймекші» болған қарсыласы, маңғыстаулық Арғынбек Қалбайға сөз тауып, қайтара білді.




null

Өкінішке қарай, құр босқа уақыт созып, деңгейі төмен айтыс жасағандар да болмай қалған жоқ.

Айтыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен бас жүлде (1 млн теңге) Рүстем Қайыртайға берілді.

Қарағандылық Төлеген Жаманов пен алматылық Хазірет Бердіхан бірінші (700 мың теңгеден), шымкенттік Біржан Байтуов пен павлодарлық Рауан Қайдаров екінші (500 мың теңге), түркістандық Бекарыс Шойбеков пен астаналық Жандарбек Бұлғақов үшінші (400 мың теңге) орынға ие болды.




null

Әлібек Серғалиев, Сұлужан Таубалды және астаналық Мейірбек Сұлтанхан 250 мың теңгеден арнайы сыйлықты қанжығаларына байлады. Қалған ақындарға шабыттандыру (200 мың теңге) сыйлықтары табыс етілді.




null

Жоғары қарай