Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 17:39

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 14.40-та 4- шағынауданда болды.

Пойыз қағып кеткен ер адам алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректің Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай

тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес тіркелгенін хабарлады.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыздың ер адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды.




Жоғары қарай