Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда «Пивовар» кафесі өртеніп кетті

2020 жылдың 27 мамыр 2020 22:40

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Пивовар» кафесі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің мәлім еткеніндей, М.Шолоховтің көшесі 35-мекенжайында жазғы кафенің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Алдыын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 250-300 метрді құрады. Кафенің жанында қос бірдей жанар-жағар май құю стансасы болғандықтан, гарнизонды жұмылдыру жөнінде шешім қабылданды.

Өрт сөндірушілердің батыл да жедел іс-әрекеті нәтижесінде оқиға орнынан 4 газ, 2 оттегі баллоны және ақша айырбастау пунктінен құнды заттар шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 83 қызметкер, 22 техника қатысты.

Өрт сағат 18.50-де оқшауланып, 19.37-де сөндірілді.





Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, аумағы, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Сонымен қатар бүгін сағат 16.20-да А.Матросов көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранды. Оның аумағы 140 шаршы метрді құрады. Бұл өрт те 16 адам, 5 техниканың қатысуымен сағат 19.50-де сөндірілді.

26 мамыр күні кешкісін Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы Абай көшесінде 237 шаршы метр шаруашылық құрылысы мен 6 тонна пішен жанып кетті. Ерікті өрт сөндіру құрылымы мен ауыл тұрғындарының белсенді іс-қимылы нәтижесінде бұл өрт тұрғын үйді шарпымай, бүгін 02.57-де жойылды.


Жоғары қарай