Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда пәтерлердің бірінен ер адамның мүрдесі табылды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 13:49

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда пәтерлердің бірінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 31 наурыз күні Құрманғазы көшесі 164-үйде орын алды.

Пәтерлердің бірінен табылған 1962 жылғы ер адамның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері болмаған.

Осы үйде коронавирус жұқтырған адамның табылғаны жөнінде әлеуметтік желілерде аудиожазба тарап үлгерді.

«Аталған азаматтың 16 наурыз күні Ресей Федерациясынан келгендігі анықталды. Соған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мүрде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып тасымалданады. Тұрғындардан сабыр сақтап, анық емес мәліметті таратпауларын сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқан адамның ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда науқас адам тұрған үйден карантин алынғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай