Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда мектеп жанында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысты

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 19:41

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Зачаган кентінде «Сарытау» шағынауданындағы мектеп маңында болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын ала мәліметіне қарағанда, «КамАЗ» басты жолда келе жатқан. Сол кезде «Нива» автокөлігі шығып қалып, түйіскен. Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды. Екі автокөлікте де жүргізушіден басқа адам болмаған.

Жедел жәрдем бригадасы бес минуттан кейін жеткен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Ниваның» 29 жастағы жүргузішісі жабық бас-ми жарақатын алды, миы шайқалған. Оң жағындағы бес-алты қабырғасы сынған. Жүргізуші облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

«Облыстық ауруханада жүргізушіге жасалған томография оның оң жақтағы жеті қабырғасының сынғанын, миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алғанын көрсетті. Қазіргі кезде ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Тексеру жалғасуда», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО дәрігерлері Индер-Орал трассасындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтқан болатын.


Жоғары қарай