Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 378.36
EUR 411.92
RUB 5.76
CNY 53.92

Оралда кондуктор мен жолаушы төбелесті

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 12:51

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда кондуктор мен жолаушы төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомомобиль бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмас Ахошевтің айтуынша, оқиға кеше сағат 16.40 шамасында №22 бағытпен жүретін автобуста болды.

Кондуктордың түсініктемесіне қарағанда, медколледж аялдамасынан құс фабрикасы ауданына қарай кетіп бара жатқан жолда ер адам белгіленбеген жерден тоқтауды талап еткен. Ол жерде жаяу жүргінші жолы да жоқ. Автобус тоқтамағаннан кейін ер адам мен кондуктор сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан.

Аталған бағыт бойынша «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.

«Қазіргі кезде кондуктор мен жүргізушіні шақырып, анықтау жұмыстары жүргізілуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Ахошев.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде таралуда.


Жоғары қарай