Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда көлік қағып кеткен 51 жастағы әйел көз жұмды

2019 жылдың 7 қазан 2019 20:20

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түс әлеуетінде Құрманғазы көшесі бойындағы «Орал» қонақүйінің алдында болды.

Осы маңда жолды кесіп өтуге болмайтын жерде кетіп бара жатқан 1968 жылғы әйелді «Ниссан» автокөлігі айнасымен қағып кеткен. Сол кезде артта келе жатқан «Тойота» байқамай құлаған әйелді басып кеткен. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова әйелдің жедел жәрдем келгенге дейін мерт болғанын жеткізді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.




Жоғары қарай