Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда қатты желден теректер құлап, автокөліктерді басып қалды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 00:54

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қатты желден теректер құлап,автокөліктерді басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 13 тамыз күні кешкісін дауыл тұрып, жаңбыр жауды.

Желдің жылдамдығы секундына 17 метрге дейін жетіп, соның салдарынан сағат 19.07-де А.Тайманов көшесі 127-үйдің ауласында терек «Рено Логан» және «Мицубиси» автокөліктерінің үстіне құлады.

Сағат 20.31-де А.Құсайынов көшесі 157-үйдің ауласында терек тағы бір автокөлікті басып қалды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласы тұрғындарының тағы сусыз қалғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай