Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 19:42

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 21 наурыз күні сағат 18.00-де «Дружба» саяжай қоғамы ауданындағы шойын көпірдің маңынан ер адамның мүрдесі табылды.

Ол 14 наурыз күні Деркөл ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған 1989 жылғы Асылбек Іңкәрғалиев болып шықты.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 16 жастағы жасөспірімнің үш күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай