Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда Hyundai мен жедел жәрдем көлігі соқтығысты, 5 адам жарақат алды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 10:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында Hyundai мен жедел жәрдем көлігі соқтығысты, 5 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 14 тамыз күні таңертең Сарайшық пен Ә.Әйтиев көшелерінің қиылысында болды.

Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық ауруханасының санитарлық көлігі жеңіл көлікке соғылған. Жол апатында 5 адам зардап шегіп, оларға 4 жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетті.

Қазіргі мәлімет бойынша 4 адам жабық бас-ми жарақатын алған. Оған қоса дене мүшелері сынған. Жарақат алғандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Жүргізуші мен фельдшер, сондай-ақ ауруханаға апара жатқан 1957 жылғы ер адам сынық жарақатын алған.

Зардап шеккендердің барлығы облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға таңғы сағат 07.00 шамасында орын алды. Hyundai мен жедел жәрдем көлігі соғылған. Негізі жедел жәрдем көлігі қатты келе жатқан. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, Оралда кеше қатты желден ағаштар құлап, көліктерді басып қалды.




Жоғары қарай